Өңірлер

"Полицейлер қорқытқан": Ақтауда сүйіктісін 10 жылға соттатқан әйел арызын қайтарып алды

© AP Photo / John LocherНаручники. Архивное фото
Наручники. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.05.2021
Жазылу
Сотталушының анасының айтуынша, қыз өзімен бірге тұратын адамға полиция қысым көрсеткеннен кейін жала жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Ақтау тұрғыны зорлау ісі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші кейінірек өз сөзінен бас тартты, алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Сотталуышының анасы бойжеткеннің полицейлер қысым көрсеткен соң баласына жала жапқанын айтып отыр, деп хабарлады Astana TV телеарнасы. 

Ер адам бірге тұратын әйелге қол көтерген соң ол полицияға арыз жазған.

"Ұрып-соққаны үшін оған ешқандай шара қолданылмайды, ол сені зорлады деп жаз деген. Ол басында келіспеген, содан кейін олар қағаз алып келген, ол соған қой қойғанын айтты. Кейін ол өкініп, арызын қайтарып алғысы келген. Бірақ оған неге басында басқаша, қазір басқаша сөйлеп тұрсың, сені қамаймыз деген соң қорқып қалған", - дейді сотталушының анасы Светлана Уналова.

Наурызда Ақтау қалалық соты шешім шығарды, осылайша ер адам сотталып кетті. Жағдайды реттегісі келген қыз ешқандай зорлау әрекеті болмағанын айтып арыз жазған. Сондай-ақ бірінші арызында зорлық-зомбылық туралы жазбағанын жеткізді.

"Интимді қарым-қатынас туралы әңгіме бетпе-бет кездесу кезінде басталды, ол кезде екеуміз қарым-қатынасымызды жоққа шығарған жоқпыз. Бұл үшін аяусыз түрмеге қамайтынын білмедім", - деді жәбірленуші Маңғыстау облыстық сот алқасына жасаған мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз: BI Group құрылыс алаңында әйел зорланды: күдікті бостандықта жүр

Алайда апелляциялық сот бұл мәлімдемені ескермеді. Жазбаша жауапта ер адамның кінәсі толық дәлелденгені көрсетілген.

"Сот іс материалдары мен мән-жайды зерттеді, әрбір дәлелдің іске жататынын, шынайылық тұрғысынан бағалады. Жиналған барлық дәлел жиынтығы істі шешу үшін жеткілікті деп танылды. Осылайша сотталушының танылған әрекетті жасау кінәлілігі расталды", - деп түсіндірді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Шешіммен келіспеген сотталушының туыстары Бас прокуратураға шағымдануға ниетті.

Жаңалықтар
0