Қандас – бұрын Қазақстанның азаматтығы болмаған, тарихи отанына келген және тиісті мәртебе алған этникалық қазақ.
2021 жылдың 1 мамырындағы мәліметтерге сәйкес, 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап Қазақстанға шамамен 1 761 000 этникалық қазақ келді.
Жыл басынан бері Қазақстанға оралған қазақтың көпшілігі Өзбекстаннан – 76,9%, 10,7% – Қытайдан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,9% – Моңғолиядан және 4%-і басқа елдерден келді.
Қандас мәртебесін алған адамдар және олардың отбасы мүшесіне көрсетілетін қызметтер:
- қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарындағы тегін бейімдеу және интеграциялау қызметі;
- медициналық көмек;
- Республика азаматтарымен тең деңгейде мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар, бөлінген квотаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алу мүмкіндігі;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.