Қоғам

Тоқаев сыртқы істер саласында ауыс-түйіс жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Президент жарлығымен Ержан Қыстафин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер саласында бірқатар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президент жарлығымен Алексей Волков Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Сондай-ақ, Ержан Қыстафин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Ержан Қыстафиннің өмірбаяны

Ержан Сансызбайұлы Қыстафин 1978 жылы 8 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еуропалық халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының (Брюссель қаласы) халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесіне ие.

Оқи отырыңыз: Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Еңбек жолын 1999 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Әділет басқармасының сот приставы лауазымынан бастады, әрі қарай қаржы министрлігінің заң қызметі департаментінде жұмыс істеген.

Дипломатиялық мансабын 2001 жылы сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық департаментінің атташесі лауазымынан бастаған.

2002 жылдан 2005 жылға дейін сыртқы істер министрлігі аппараты заң бөлімінің үшінші хатшысы лауазымынан бөлім бастығына дейін көтерілді.

2005-2007 жылдары сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік тіл және заң сараптамасы басқармасының бастығы.

2007 жылы министрліктің әкімшілік департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін 2009 жылы департаментті басқарды.

2010-2015 жылдары Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі болып жұмыс істеді. 2016 жылдан 2019 жылға дейін сыртқы істер министрлігі әкімшілік және бақылау департаментін басқарды.

Қазақстанның Пәкістандағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2019 жылдан бастап Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

 II сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Жаңалықтар
0