Қоғам

Сарапшы дүкенде сатып алушыны алдаудың жаңа тәсілдерін атады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКасса
Касса - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Университет доценті супермаркетте сатып алушыны алдаудың бірнеше жаңа тәсіліне тоқталды

АЛМАТЫ, 18 мамыр – Sputnik. Дүкенге келген адам көп зат сатып алса, кассир түрлі қулыққа барып, оны оп-оңай алдай алады. Бұл туралы "Синергия" университеті кафедрасының доценті Алиса Храмова "Прайм" агенттігіне айтты.  

Ол қазіргі таңда касса жабдықтары, бақылау бағдарламалары, электронды таразылар пайдаланылып жүргеніне қарамастан, адам  факторын әрдайым бақылап отыру мүмкін емес екенін атап өтті.

"Түбіртектегі артық тауар – кассада алдау тәсілінің ең көп тараған түрінің бірі. Егер бір немесе екі өнім алып жатса, алдау қиын. Ал зат көп болса, сатып алушыны алдау өте оңай. Сканер тауардағы штрих-кодты бірден танымайтын кездер болады, сондай кезекті жағдай деп бір затты екі рет есептеп жібереді", - дейді сарапшы.

Хат қалдырған: банк кассирі 29 млн теңгені ұрлап кетті

Алдаудың тағы бір түрі – кассир чекке басқа тауар құнын өз бетінше қосады. Мәселен, кассир кей тауарды сканерлемейді. Нан, пакет секілді заттарды кодын теру арқылы есептейді.

Сондай-ақ кей сатушы қайтарым ақшаны дұрыс бермейді.

Жаңалықтар
0