Өңірлер

Киіктерді тірідей көмген: желіде тараған видеоға қатысты министрлік өкілі пікір білдірді

© Sputnik / Вячеслав Бобков / Медиабанкке өтуОстанки сайгака, архивное фото
Останки сайгака, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Видеода тау болып үйілген өлекселер арасында қысылып қағандықтан, орнынан тұра алмай жатқан тірі киік байқалады

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Экология министрлігінің өкілі дала жануарларына қатыгездік көрсету бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылу керек деп санайды. Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысының ішкі істер органдарына тиісті шағым жолданған.

Бірнеше күн бұрын Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында найзағайдан 300-ден астам ақбөкен қырылып қалғаны хабарланған.

Кейінірек интернетте өлекселерді жоюмен айналысып жатқан сәт бейнеленген видео тарады. Кадрда өлекселер арасында әлі де тірі, бірақ қатты әлсіреген киік көрінеді. Тағы бір мезетте өлексе үйінділерінің астында қысылып, тұра алмай жатқан тірі жануар байқалады.

"Өте аянышты жағдай. Бұл Батыс Қазақстан облысында өлген жануарларды жою кезінде киіктердің кейбірін тірідей көму. Өлген жануарларды жинау мен жоюды Тау ауылдық округі әкімдігі жүзеге асырған. Бұл ақтауға жатпайтын әрекет", – деді министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, министрлік полиция департаментіне аталған факті бойынша мұқият тергеу жүргізу жөнінде шағым жолдаған.

"Жазықсыз жануарларға қатыгездік танытқандарды жауапқа тарту керек. Мұның шешімі тезірек табылады деп сенемін", – деді ол.

Сондай-ақ, ол алдын-ала ақпарат бойынша ауа райының қолайсыздығынан 372 ақбөкен қырылғанын және қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар
0