НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Қазақстаннан Бішкекке гуманитарлық көмек ретінде шамамен 4 500 тонна ұн жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Гуманитарлық көмек теміржол арқылы 75 вагонмен жеткізілді. Көмектің жалпы салмағы он мың тоннаны құрайды.
"Қырғыз тарапы Қазақстан Үкіметі көрсеткен көмекті жоғары бағалайды және бауырлас қазақ халқына зор ризашылығын білдіреді", - деп мәлімдеді Қырғызстанның ауыл, орман және су шаруашылығы министрінің орынбасары Азамат Мұқашев.
Қазақстан елшілігі 2020 жылдың мамырында Қырғызстанға бес мың тонна ұн, ал қарашада 400 жасанды тыныс алу аппараты мен 2 миллион медициналық маска жіберілгенін еске салды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Тәжікстанға 100 жасанды тыныс алу аппаратын жіберді
Көмек Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық әріптестігі негізінде көрсетіліп жатыр.