Қоғам

ЕАЭО елдеріне жеңілдетілген тәртіппен баруға болады – вице-министр мерзімін атады

© Photo : StelaDiЧемодан, багаж
Чемодан, багаж - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Ақпараттық жүйенің көмегімен базаға енгізілген зертханалық сынама нәтижесін шығарып алуға мүмкіндік бар. Ал оны шекарада көрсетіп, өте беруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Келесі айдың соңына дейін Қазақстанда "COVID-19-сыз саяхаттаймын" мобильді қосымшасы іске қосылады. Соның арқасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кейбір елге кіру тәртібі жеңілдейді. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, ондай платформа бар. Еуразиялық экономикалық одақтың кейбір елдері оған қосылды. Қазіргі кезде Қазақстанда интеграциялау жұмыстары атқаралып жатыр. Бұл – бірыңғай портал. Оның ішінде вакцина алған немесе ПТР-тест тапсырған адамдар туралы ақпарат сақталады", – деді Күшікова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, интеграциядан кейін қазақстандықтар мобильді қосымшаны жүктей алады.

"Білуімше, 2021 жылдың екінші тоқсанында яғни, осы жартылдықтың аяғына дейін мәселе шешіледі", – деп атап өтті вице-министр.

Айта кетейік, "COVID-19-сыз саяхаттаймын" – ЕАЭО аймағында қолға алынған жоба. Мобильді қосымша жүктеген адамдар одаққа мүше мемлекеттерге жеңілдетілген тәртіппен кіріп-шыға алады.

Ақпараттық жүйенің көмегімен базаға енгізілген зертхананы таңдап, сынама нәтижесін шығарып алуға мүмкіндік бар. Оны шекарада көрсетіп, өте беруге болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар пандемия кезінде қай елдерге ұша алады

Осы уақытқа дейін "COVID-19-сыз саяхаттаймын" қосымшасына Ресей, Беларусь пен Армения қосылды деген ақпарат бар.

Жаңалықтар
0