Өңірлер

Орал-Тасқала тасжолында жол апатынан полиция майоры көз жұмды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Полиция қызметкері ішкі істер органдарында 20 жылға жуық уақыт жұмыс істеген. Марқұмның артында отбасы қалды. Тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Орал-Тасқала тасжолында жол апатынан оралдық полицей Мержан Бисенғалиев қаза болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков Instagram-да хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Болатбек Еркебуланович (@bolatbek.9175)

Қайғылы оқиға 16 мамыр күні болды. Қаза болған полицей өзінің Chevrolet Cobalt автокөлігімен Тасқалы ауданындағы Айнабұлақ елді мекенінің маңында келе жатқан. Осы кезде көлік жыраға аударылып, Мержан Бисенғалиев алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған. Салонда жолаушылар болмаған.

"Өкінішке қарай, ешкім жол апатынан сақтандырылмаған. Бұл бәріміз үшін орны толмас қайғы. Марқұмның артында отбасы, жас қызы қалды. Жеке құрам аза тұтып жатыр. Мен өз атымнан отбасына және жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Белгібеков.

Мержан Бисенғалиев ішкі істер органдарына 2002 жылы келген. Әріптестері полиция майоры өзінің қызметтік міндетін әрдайым абыроймен атқарғанын айтады. Әріптестері үшін адал, сенімді дос және жас қызметкерлерге үлгі бола білген.

Жаңалықтар
0