АЛМАТЫ, 17 мамыр – Sputnik. Шымкент пен Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл " аймақтан "қызыл " аймаққа өтті.
Ақтөбе, Алматы және Павлодар облыстары аса қауіпті аймақтан шығып, "сарыға" ауысты.
17 мамырдағы жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұр.
"Сары" аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Оқи отырыңыз: Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Бұған дейін республикада бір тәулік ішінде 25 адам Covid-19 және коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониядан қайтыс болғаны хабарланды.
Қазір Қазақстан бойынша 38 888 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Сондай-ақ елде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау жүргізіліп жатыр. Вакцинаның бірінші компонентін 1 844 938 адам салдырды, 759 059 адам екінші бөлігін де салдырған.