Ол үшін үйден шығудың қажеті жоқ. VR-көзілдірік тақса болды. Осы құрылғы зейнеткерлерге несімен пайдалы екенін видеодан тамашалаңыз.
Испаниядағы қарттар үйінде жаңа құрылғы қолданыла бастады. Аталар мен әжелер VR-көзілдірікті киіп, күнде әлемді шарлап, саяхатқа шығады. Бірақ психологтар виртуалды турнені бақылап отырады.
Оқи отырыңыз: Армениялық "Ван Даммның" көзтартарлық трюктері желіні таңғалдырды
Мамандардың айтуынша, виртуалды саяхат егде жасатағы адамдардың күйзеліске түсуін азайтады. Көңіл-күйді көтеріп, миді сергек ұстауға көмектеседі. Бұл жердегі зейнеткерлер көп жағдайда Флоренцияда серуендеп жүргенді ұнатады екен.