Қоғам

"Құттықтауға рұқсат етпеді": Тоқаев туған күнін қалай тойлап жатқаны белгілі болды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Бүгін президент үшін әдеттегі жұмыс күні, Тоқаевтың әулетінде балалар мен үлкендердің туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы туған күнін қалай тойлап жатқанын айтты.

"17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, әкімшілік қызметкерлеріне де президентті құттықтауға рұқсат етілмеді", - деп жазды Уәли Facebook-те.

Ол Тоқаев үшін бүгін қалыпты жұмыс күні екенін атап өтті. Айтуынша, президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған.

Қазір көрші мемлекеттер басшылары және үкімет, парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері президентке телефон шалып, жеделхат жолдап, туған күнімен құттықтауда.

Құттықтаулар толассыз келіп жатыр, деді Уәли.

Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 68 жасқа толды.

Жаңалықтар
0