Өңірлер

Қызылордада жасөспірімдердің ауладағы төбелесі қанды оқиғамен аяқталды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, күдікті қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қызылордада жаппай төбелес шығып, жасөспірім пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 13 мамыр көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болды. Жасөспірімдер арасында ұрыс шығып, кейін жаппай төбелеске ұласқан.

Тәртіп сақшылары полицияға 14 адамды жеткізді.

"Төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алды. Қазір ауруханада, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Күдікті ретінде ұсталған кәмелетке толмаған бала қамауда отыр.

Төбелеске қатысқан қалған балалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Тағы оқыңыз: Орал тұрғыны дүкендегі әйелдердің төбелесін видеоға түсіріп алды

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағы 2-тармақшасы бойынша "Суық қаруды немесе денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.

Жаңалықтар
0