Қоғам

Қазан қаласындағы атыс: Қазақстанда қару-жарақ заңнамасына өзгеріс енгізіле ме

© Photo : pixabay/Jason Gillman Ружье
Ружье - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Депутаттардың айтуынша, елімізде заң бойынша спирттік ішімдіктер 21 жастан бастап сатылады. Ал қару-жарақты 18 жаста сатып алуға рұқсат бар. Олар осы межені 24 жасқа дейін көтеру қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев қару-жарақты сатып алуға рұқсат етілген жасты ұлғайтуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл мәселені қарастыруға болады. Бүгінде заң бойынша қаруды сатып алу рұқсатын 18 жастан бастап алуға болады. Депутаттар осы межені 24 жасқа дейін ұлғайтуды ұсынып отыр. Ал кейбір әріптестеріміз 21 жасқа дейін көтеру қажет деп санайды ", – деді Баймұқашев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қару-жарақты сатып алу құқығы белгіленгенде адамның психофизиологиялық қабілеті мен қаруды пайдалану мүмкіндігі зерделенеді.

"Негізі, бүгінде алкоголь сусындарын 21 жастан бастап сатып алуға рұқсат берілетінін ескерсек, қару-жарақты сатып алуға да сондай шектеу қоюға болады. Ол ақылға қонымды шара", – деп атап көрсетті Баймұқашев.

Бұған дейін депутат Андрей Линник мектептердің қауіпсіздік мәселесін көтерген. Осы орайда мәжілісмен қисынсыз тәртіптің бар екенін айтты. Мәселен, заң бойынша спирттік ішімдіктер 21 жастан бастап сатылады. Ал қару-жарақты 18 жаста сатып алуға рұқсат бар. Депутат осы межені 24 жасқа дейін көтеру қажет деп санайды.

Оқи отырыңыз: "Бес мың кітап оқыдым": қырық жылдан бері қару-жарақ жасаған ұста кәсібінің құпиясын ашты

Айта кетейік, Қазан қаласындағы мектепте болған атыстан кейін Қазақстанда қару-жарақты сату мәселесі көтеріле бастады. 11 мамырда таңертең 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназияда адамдарға оқ жаудырды. Мектепте 700 адам болған. Жеті бала мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0