НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр — Sputnik. Нидерландының Роттердам қаласында "Евровидение" халықаралық вокал байқауы басталды, деп хабарлайды РИА Новости.
66-шы рет өткізіліп отырған бұл байқау өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға кейінге қалдырылған болатын.
Жексенбі, 16 мамырда қаланың круиздік портында байқауға қатысушы елдерді "көкшіл кілемшеде" қарсы алу салтанаты өтті.
"Евровидение" 18-22 мамыр аралығында Rotterdam Ahoy конференция орталығында өтеді.
Ресей атынан бұл ән байқауына Манижа атты әнші қатысып отыр. Ол "көкшіл кілемшеге" қызыл жібек комбинезон, зерлі мантия мен орыс қыз-келіншектерінің ұлттық бас киімін киіп шықты.
Польша мен Исландия өкілдері команда мүшелерінің коронавирус жұқтыруы салдарынан салтанатты шараға қатыса алмады. Сонымен қатар инфекция жұқтырғандармен бірге бір қонақ үйде тұрақтауына байланысты Румыния мен Мальта делегациясы да "көкшіл кілемшеге" қатыспады. Австралиялық команда да конкурсқа қатыса алмайтын болды.