Қоғам

Қазақстанда 18 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинЦветущие маки близ Алматы
Цветущие маки близ Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18 мамыр – 11 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

18 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі. 

10.00 –  Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті "Бұқаралық және балалар спортын дамыту - саламатты ұлтты қалыптастыру негізі" тақырыбында бейнеконференция форматында кеңейтілген тақырыптық отырыс өткізеді. Отырыс сағат www.parlam.kz сайтында және YouTube-те онлайн режимде көрсетіледі. Іс-шарада мәдениет және спорт вице-министрі Е.Т.Қожағапанов баяндама жасайды деп жоспарлануда.

12.30 – "ЕАЭО және Қазақстан: интеграцияның ағымдағы процестері" тақырыбында баспасөз конференциясы. Спикерлер: Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова;  қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев; индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Динара Щеглова; ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев. Трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Гала-балет. Театрға бармас бұрын Ashyq қосымшасын мобильді құрылғыға алдын ала орнатып алу керек. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "NPSO YOUNG TALENTS" симфониялық оркестрінің концерті (Филармония, "Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32. Байланыс ақпараты: +7 701 870 25 63).

19.00 – Жас музыканттардың оркестрмен жеке орындауы ("Астана" Конгресс Холл, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

19.00 – "Бопай ханым" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

АЛМАТЫ

12.00 – Жыл сайынғы "Қастеев музейіндегі түн 2021" арт-акциясы.

18.30 – "Баянсыз бақ" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Ұлы мен ұры" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Парад солистов" концерті. Филармонияға бармас бұрын Ashyq қосымшасын телефонға жүктеу қажет. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқова көшесі, 35).

19 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – 15.30 – "Тұрмыстық зорлық-зомбылық: өзекті мәселелер мен шынайы әрекеттер" ғылыми-практикалық конференциясы. Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мен оны жоюға, агрессорлармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтауға қоғам назарын аудару. Конференция онлайн және оффлайн режимде өтеді.

Конференцияда сарапшылар, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың және Қазақстан, Германия, Франция, Чехия, Таиланд және Орталық Азияның мемлекеттік органдарының өкілдері сөз сөйлейді. Тіркелу 8 708 379 30 55 (Айжан) нөмірі бойынша 18 мамыр сағат 15.00-ге дейін жүргізіледі.

НҰР-СҰЛТАН

10.00 -  Успен соборының аумағында Пасха жұмыртқаларының көрмесі. Нұр-Сұлтан, Қарағанды ​​және Тараз қалаларының кәсіби қолөнершілері мен жас суретшілердің жұмыстары қойылады.

19.00 - "Бопай ханым" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

19.00 - Орыс үйінің YouTube арнасындағы "Думы мои, думы" онлайн концерті. Оған бүкілресейлік байқаулардың лауреаты, композитор Ирина Варапаева (Мәскеу), халықаралық байқаулардың лауреаты Батыржан Смақов, ҚазҰӨУ студенттік хор капелласы, "Станичники" казактардың халық хоры, сондай-ақ Қазақстан мәдениет саласының үздігі Ляйла Сейітова қатысады. Жүргізуші: Татьяна Бондарь (Орналасқан жері: Нұр-Сұлтан, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 7177 (Ольга Скалчук).

19.00 – YouTube каналындағы Пасха мерекелік концерті. Қатысушылары: Нұр-Сұлтан Успен соборының хоры (хор регенті Ольга Варенцова), ҚазҰӨУ студенттік хоры (көркемдік жетекшісі Батыржан Смақов, хормейстер Марина Бухвалова), казактардың В.Иванов атындағы "Станичники" халық хоры (көркемдік жетекшісі және дирижері Наталья Иванова). Концертмейстер: Родион Кузяев. Қонақ дирижер: өнертану кандидаты Ирина Варапаева. Жүргізуші: Татьяна Бондарь (Орналасқан жері: Әулие Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталық, Күйші Дина көшесі, 27/1).

19.00 - "Сайра, Бұлбұл" камералық-вокалды музыкалық концерті. Театрға бармас бұрын Ashyq қосымшасын мобильді құрылғыға алдын ала орнатып алу керек. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.30 - "Таңсұлу" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 - "Қара шекпен" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.00 - " Ars Amandi. Искусство любви " спектаклі (Н. Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

28 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. 

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8(7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электрондық мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0