Денсаулық

Қалқанша без ауруының қаупі қандай

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2021
Жазылу
Көмекейде орналасқан қалқанша безі өзінің шағын көлеміне қарамастан ағзадағы барлық дерлік процесті бақылап отырады

Алайда бұл органды "істен шығару" өте оңай. Өз денсаулығына немқұрайлы қарайтын адамға қалқанша без ұйқының қанбауынан бастап шамадан тыс тамақтануға дейінгі проблема сыйлауы мүмкін. Осы органның маңызы мен оның жай-күйін қалай дұрыс тексеруге болатыны туралы оқи отырыңыздар.

Қалқанша безі неге жауап береді

Қалқанша безі – тамақта, анығырақ айтсақ, көмекей асты мен кеңірдек алдында орналасқан. Бұл – әрбір жасудағы зат алмасу мен энергияны бақылайтын эндокриндік жүйенің маңызды элементі.

Қалқанша безінің адам ағзасына ықпалының ауқымдылығы соншалық, оны "екінші ми" деп атауға болады: оның сау болуына адамның ақыл-ойының дұрыстығы, ұйқы, тәбет, тері мен шаштың күйі, салмақ, физикалық белсенділік, сүйектер және қаңқаның беріктігі, жүрек жұмысы, жыныстық даму, сондай-ақ әйел адамның дені сау бала көтеруі және босануы тәуелді.

Қалқанша безінің проблемалары күйзеліс симптомдарына қатты ұқсас келеді. Мысалы, агрессия мен нашар көңіл-күйге жұмыстағы қиындықтар емес, дәл осы қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болуы ықтимал.

Басқаша айтқанда, күйзеліс өздігінен қалқанша безінің аурулары туындауына алып келмейді. Оның симптомдары эмоциялық жүктемеге реакция емес, қалқанша безінің қызметі бұзылғанын білдіруі мүмкін.

Гормонды тексерудің қажеті не

Ашушаңдық, ұйқының қанбауынан көз астының қарауытуы және көп мөлшерде тамақтануды байқаған кейбір адамдар "гормондарды тексеруге" кеңес береді.

Кей жағдайда бұл кеңеске құлақ түруге болады. Себебі дәрігерлер гормондар теңдігі мен зат алмасу бұзылуына күдіктенсе, расында да қалқанша безінің лабораториялық тексеруін тағайындайды.

Мұндай кеңесті жиі ести бастасаңыз таңғалмаңыз. Өйткені жалпы эндокриндік жүйенің және қалқанша безінің жұмысындағы аз ғана ауытқу хал—жағдайыңыз бен сырт келбетіңіздің өзгеруіне алып келеді. Мұны әрине сырт көз бірден байқайды.

Сырт белгілеріне мыналар жатады: салмақтың күрт ратуы, шаштың әдеттегіден көп түсуі, дене терісінің нашарларуы. Ал адам созылмалы түрде шаршаңқылық сезініп, көңіл-күйі үнемі нашар болуы мүмкін.

Қазір адамдар арасында қалқанша безінің проблемасы өте жиі кездеседі. Оған ауыз су құрамында табиғи йодтың төмен деңгейі де себеп. Қалқанша безін лабораториялық деңгейде тексеру етеккір циклінің ауытқу себебін анықтауға көмектесе алады. Осы және басқа да себептерге байланысты қыз-келіншектерге профилактикалық тексеруден тұрақты өтуге кеңес беріледі. Себебі қалқанша безінің аурулары нәзік жандыларда тым жиі кездеседі.

Қандай гормондарды тексеру керек

Ең алдымен тироксин (Т4) және тиреотропты гормонды (ТТГ) тексеру керек. Қалқанша безі тироксиннің көмегімен оттегінің сіңірілуін, майлардың тотығуын және жасушаларда ақуыздар шығарылуын басқарады.

ТТГ - тироксин мен трийодтиронин (Т3) шығарылуын реттейтін гормон. Оны гипофиз, бас миында орналасқан без шығарады.

Егер ТТГ концентрациясы жоғарыласа, қанға Т4 және Т3 бөлінуі төмендейді – бұл гипотиреозға алып келеді. Егер тиреотропты гормон шоғырлануы төмендесе, гипертиреоз пайда болып, бұл жағдайда Т4 пен Т3 бөлінуі артады.

Әрбір аурудың өз салдары бар. Мысалы, гипотиреоз кезінде етеккір циклі бұзылуы, тері құрғауы, шаш түсуі және іш қатуы болады. Ал гипертиреоз кезінде ұйқысыздық, диарея және көз алара түсуі ықтимал. Бұл екі жағдай да қатты шаршаңқылық пен жалпы әлсіздік тудырады.

Сондықтан Т3, Т4 және ТТГ көрсеткішін бірден тексеру керек. Себебі гипертиреоз бен гипотиреоз бір-бірінен айырмашылығы бар көп түрге бөлінеді. Бір ғана көрсеткіш бойынша қорытындыға келу мүмкін емес. Өйткені дәрігер ауруға нақты қандай себеп болып тұрғанын толыққанды анықтай алмайды.

Жаңалықтар
0