Аңдатпа

Қазақстанда 17 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневБотанический сад в городе Нур-Султан
Ботанический сад в городе Нур-Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17 мамыр – 11 маусым аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

17 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Білім беру ұйымдарындағы балалар қауіпсіздігі" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі.

Алматы

18.00 – "Мелодии романтизма" концерті. Филармонияға бармас бұрын Ashyq қосымшасын телефонға жүктеп алу қажет. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

19.00 – "Женщина в песках" спектаклі (ARTiSHOK театры, Гоголь көшесі, 40).

18 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

19.00 – Гала-балет. Театрға бармас бұрын Ashyq қосымшасын мобильді құрылғыға алдын ала орнатып алу керек. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "NPSO YOUNG TALENTS" симфониялық оркестрінің концерті (Филармония, "Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32. Байланыс ақпараты: +7 701 870 25 63).

19.00 – Жас музыканттардың оркестрмен жеке орындауы ("Астана" Конгресс Холл, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

19.00 – "Бопай ханым" спектаклі (Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).

Алматы

12.00 – Жыл сайынғы "Қастеев музейіндегі түн 2021" арт-акциясы онлайн-трансляция сілтемесі – https://www.youtube.com/playlist?list=PL1QNHJ5uXbNUOQ8uoxPzaq8K4OSTnXIEs.

18.30 – "Баянсыз бақ" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Ұлы мен ұры" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Парад солистов" концерті. Филармонияға бармас бұрын Ashyq қосымшасын телефонға жүктеу қажет. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқова көшесі, 35).

19 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – 15.30 – "Тұрмыстық зорлық-зомбылық: өзекті мәселелер мен шынайы әрекеттер" ғылыми-практикалық конференциясы. Мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мен оны жоюға, агрессорлармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты анықтауға қоғам назарын аудару. Конференция онлайн және оффлайн режимде өтеді.

Конференцияда сарапшылар, ғылыми мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың және Қазақстан, Германия, Франция, Чехия, Таиланд және Орталық Азияның мемлекеттік органдарының өкілдері сөз сөйлейді. Тіркелу 8 708 379 30 55 (Айжан) нөмірі бойынша 18 мамыр сағат 15.00-ге дейін жүргізіледі.

21 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды ps@emer.kz электронды мекен-жайына жолдауға немесе байланыс орталығына 8 (7172) 32-32-89, 53-32-79 телефондары арқылы хабарласуға болады. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция орталық коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парағында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

26 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды a.alieva@qogam.gov.kz, m.abdikarimov@qogam.gov.kz электрондық пошталарына немесе +7 777 893 6921 нөміріне жіберуге болады. Есептік кездесу онлайн режимде министрліктің Facebook-тегі ресми парағында және бұқаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетіледі.

28 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі. Есеп беру кездесуі министрліктің және министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында онлайн форматта жүргізіледі. 

11 МАУСЫМҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды жұмыс күндері сағат 10:00-18:00 аралығында Call-орталықтың 8(7172) 71-47-93, 71-46-93 телефондары не Qriim_mvdrk@mail.kz электрондық мекенжайы бойынша жолдауға болады. Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі министрліктің ресми парақшасында, Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0