НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр - Sputnik. Егде жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 83 жастағы зейнеткер 15 мамыр күні сағат 18.42-де, Гагарин 99 мекенжайында орналасқан үйдің екінші қабатының балконынан секіріп кеткенін айтты.
"Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды", - деп толықтырды Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Марқұмның таныстарының айтуынша, ер адам онкологиялық ауруға шалдыққан.