Қоғам

Әсел Айтпаеваның өлімі: полиция күдіктіні ұстады

© PhotoСилуэт девушки на фоне реки
Силуэт девушки на фоне реки - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2021
Жазылу
Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты күдікті қамауға алынды. Адам саудасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Грузияда қайтыс болған қазақ қызының туысы адам саудасына қатысты күдікке ілінді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы А. Айтпаеваның ата-анасының М. Мейірбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады", - делінген Polisia.kz сайтында.

Айта кету керек, бұл әрекеті үшін ол мүлкін тәркілеумен үш жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелген М. Мейірбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінiң уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның мәйіті елге жеткізілді

Еске салайық, 26 жастағы отандасымыз Әсел Айтпаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. Марқұм 9 қабаттан құлап қаза тапқан. Оқиғаның қалай болғанын Грузия полициясы анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0