НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Ақтөбеде "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының жоғалып кеткен екі тәрбиеленушісі жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлады "Диапазон".
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 және 17 жастағы қыздар 12 мамырда жоғалып кеткен. Полицейлер олар баруы мүмкін барлық жерді тексеріп шықты.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 16 жастағы қыздың жоғалуына құрбысының қатысы бар болып шықты
Екі күннен кейін полицейлер қыздардың қайда екенін анықтады. Осы уақыт ішінде олар Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерде болған.
Ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларды орталық тәрбиешілеріне тапсырды.