Оқиға

Көкшетауда бір жасар сәби терезеден құлап кетті

CC0 / Myshanah / Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото
Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жазылу
Бүлдіршін терезеден далаға қарап отырған. Абайсызда құлаған кішкентай қыз оқиға орнында көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында сәби жетінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл Ақмола облысында көктем басталғалы үшінші жағдай.

"14 мамыр күні кешкі сағат 18:55 шамасында жедел жәрдем фельдшерінен  хабарлама келіп түсті. Ол Абылай хан көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жетінші қабатынан баланың құлап кеткенін айтты. Бүлдіршін терезенің алдында далаға қарап отырған", - деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болған кішкентай қыз 2019 жылы туылған.

Оқи отырыңыз: Отағасы ұйықтап жатқан: Терезеден қарап отырған әйел қызынан көз жазып қалды

Аталған факт бойынша полиция қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

Жаңалықтар
0