Мәдениет

Мәдениет министрі "Жошы хан" тарихи-мәдени кешеніне қатысты ақпаратпен бөлісті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоМавзолей Жошы хана
Мавзолей Жошы хана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден аса шара ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Осы жылдың маусымында Қарағанды облысында "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Киелі туризмді дамытуды ынталандыру және тарихи-мәдени нысандарға туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусым айының соңына қарай Қарағанды облысының Ұлытау ауданында "Жошы хан" тарихи-мәдени кешенін ашу жоспарланып отыр", – деді ол халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, шілде айында Шығыс Қазақстан облысында "Абай жолымен" атты ақпараттық тур өткізу көзделуде.

Министр Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден аса шара ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.

"Бүгінгі таңда мәдениет, әдет-ғұрып пен дәстүрлерді насихаттауға бағытталған этнотуризм ерекше өзектілік пен танымдылыққа ие. Осы бағытта маусым-қыркүйек айында Алматы қаласының туристік тартымды орындарында қолөнер шеберлерінің қатысуымен "Ұлы дала мұрасы" жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Домалақ ана кесенесінің шырақшысы: Алматы әкімі әйелімен зиярат етіп, кейін ұлды болды

Сондай-ақ ұлттық тағамдар мен Қазақстан халықтарының тағамдарын танымал ету мақсатында түрлі фестивальдер өткізілмек.

Жаңалықтар
0