НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр - Sputnik. Қарағандыдағы сұлулық салонының иелері ірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, шығын көлемі 25 миллионды құрап отыр.
160-тан астам әйел құқық қорғау органдарынан көмек сұрап отыр. Сұлулық салонының клиенттері жасарту процедуралары үшін кредит алған. Ал косметологиялық орталықтың қызметкерлері алданған клиенттердің ақшасын алып тайып тұрған.
"Мен соңғы процедураны 12 ақпанда қабылдадым, ал 19 ақпанда бұл жерде ешкім болмады. Күзетшілер бұл орталықтың көшіп кеткенін айтты. Бұл ірі көлемдегі алаяқтық дер едім. Себебі сұлулық салоны жабылған, ақшамыз жоқ", - деп атап өтті Екатерина Тугайбей AstanaTV телеарнасына берген сұқбатында.
Алданған клиенттердің айтуынша, салон қызметкерлері қартаюдың алдын алу бойынша қымбат қызметтер ұсынған, бұл үшін олар кредит алуға мәжбүр болған. Косметологиялық процедураларды міндетті түрде соңына дейін жасау керек еді.
Осы уақытта салон күтпеген жерден жабылып қалады.
Полиция "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталды, оларға ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда өзінен 10-15 жас үлкен әйелдермен көңіл қосқан жігіт ұсталды – фото
"Аталған ұйым тарапынан алаяқтық фактісі бойынша полицияға 162 жәбірленушіден өтініш келіп түсті. Келтірілген шығын мөлшері 25 миллион теңгені құрайды. Ұйымның екі қызметкеріне қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Жәбірленушілер прокуратурадан банктердің кредит беру заңдылығын тексеруді талап етті. Кредит алғандар арасында арасында зейнеткерлер де бар.