Қоғам

Академик вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғанын айтты

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHПробирка для анализа на коронавирус
Пробирка для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Ғалымның пікірінше, коронавирусқа қарсы 90 проценттік иммунитетті алу үшін вакцинаның екі дозасы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр — Sputnik. Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының профессор Вячеслав Локшин вакцинадан кейін коронавируспен ауырып қалған. Бұл туралы ғалым орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Мен коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасынан кейін ауырып қалдым. Бұл жерде мәселе екпеде емес. Антидене 21 күннің ішінде, яғни, үш аптадан кейін ғана бөліне бастайды. Шамасы мен вирусты осы уақыттың ішінде, я болмаса, вакцина алғанда жұқтырдым. Басқа бір жағдай болды ма? Оны білмеймін", - деді Локшин.

Ғалымның айтуынша, коронавирусқа қарсы 90 проценттік иммунитетті алу үшін вакцинаның екі дозасы қажет. Оған қоса, екпе алып жүргенде сақтық шараларын ұмытпау керек. Өйткені иммунитет кем дегенде үш аптадан кейін қалыптасады.  

"Шынымды айтсам, басында ауырып қалғаныма сенген жоқпын. Бірақ барлығы расталды. Ондай жағдайлар болады. Өйткені адам вакцина алдым деп босаңсып кетеді. Жалпы вакцинаның әсері 21 күннен кейін ғана басталады", - деп атап өтті Локшин. 

Оқи отырыңыз: Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды 

Айта кетейік, Қазақстанда вакциналау басталғалы бері вакцинаның бірінші дозасынан кейін вирус жұқтыру жағдайлары бар. Тіпті, екі бірдей компонентін алғандардың ішінде 44 адам коронавируспен ауырып қалған.

Жаңалықтар
0