Қоғам

"Үлгі көрсететін ерекше жоба": Аида Балаева ұлттық байқаудың басталғанын хабарлады

© Photo : Pixabay / JarmolukДети
Дети - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2021
Жазылу
Биыл байқауды өткізу форматына өзгеріс енгізілді. Енді өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған 17 отбасының барлығына конкурс лауреаты атағы беріледі

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы басталды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Бүгін министр Аида Балаева байқауды өткізуге қатысты комитет отырысын өткізді. Жиында министр байқаудың адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруда маңызды рөл атқаратынын айтты.

"Жылдағы дәстүрмен биыл да "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын бастағалы отырмыз. Елбасының ұсынысымен қолға алынған жоба бүгінде нағыз халық мерекесіне айналды. Жыл сайын жобаға халықтың үлкен қызығушылықпен қатысып жүргенін көріп отырмыз. Жоба басталғаннан бері бүгінге дейін еліміздің 15 мыңнан астам жанұясы байқауға қатысты", - деді Балаева.

Айтуынша, биыл байқауды өткізу форматына өзгеріс енгізілді. Бұрын республикалық деңгейде бір ғана отбасы жеңімпаз болса, биыл өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған 17 отбасының барлығына конкурс лауреаты атағы беріледі. Барлық жеңімпаз бірдей марапатталады.

Оқи отырыңыз: Президент Аида Балаеваны қабылдады

Сондай-ақ биылдан бастап жеңімпаздарды анықтайтын комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері, конкурстың бұрынғы жеңімпаздары да кіреді.

Айта кетейік, "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына құжаттар қабылдау 15 маусымға дейін жалғасады.

Байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі қыркүйекте, отбасы күні қарсаңында салтанатты түрде өтеді.

Жаңалықтар
0