Өңірлер

Шымкентте екі баланың анасы үшем туды

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Көпбалалы ана атанған Нигара үшем дүниеге алып келетінін жүктіліктің тоғызыншы аптасында білген

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Шымкентте жыл басынан бері үшінші үшем дүние есігін ашты. Бұл жолы 25 жастағы Нигара Миркасимова 2 қыз, бір ұлдың анасы атанды. Осылайша жас ана 5 перзентті болды, деп хабарлады Otyrar.kz.

Жүктілік кезінде ішіндегі нәрестенің үшем екенін естіген ол қатты таңғалғанын жасырмады. Себебі бұған дейін өзінің туыстарын да, жолдасының шаңырағында да үшем болмаған екен.

Тұңғышы бес жаста, ал екіншісі 3,5 жаста екен. Ата-енесінің қолында тұратын ол балаларымды қарауға отбасым қол ұшын береді дейді. Көпбалалы ана үшем кезіндегі жүктілік алдыңғыларымен салыстырғанда қиындау болғанын жасырмады.

"Жүктілік сәл ауырлау болды. Ең керегі аман-есен босанып алдым. Мен үшін ол басқаша жүктілік болды. Басында таң болдық. Кейін үйреніп кеттік", - дейді көпбалалы ана Нигара Миркасимова.

Көпбалалы ана атанған Нигара үшем дүниеге алып келетінін жүктіліктің тоғызыншы аптасында білген. Көпбалалы ата-ана үшемнің есімдерін Муслима, Мухлиса, Мұқаммад-Али қойыпты.

"Үшем отбасымызда жоқ. Әулетімізде егіздер бар. Бірақ үшем жоқ. Бұл біріншісі", - дейді жас ана.

Дәрігерлердің сөзінше ана мен балалардың да жағдайы өте жақсы. Жүктіліктің 35-ші апталығында өмірге келген олардың салмағы алғашында 2000-2200 грамм, бойлары 40-42 см болыпты. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған дейді мамандар.

"Нигара Миркасимова бізге жүктіліктің 35-36-шы аптасында түсті. Біз үшемді ота тілігі арқылы босандырып алдық. Негізі мұндай жағдайда ананың өзі босануы мүмкін емес. Және ең таңғаларлығы бұл ЭКҰ арқылы жасалған жүктілік емес. Әрі операциядан кейін үшем жансақтау бөліміне түскен жоқ. Яғни, дәрігерлер дер кезінде алғашқы көмекті көрсете алды деген сөз. Мен бұл отбасын біздің ұжым атынан құттықтаймын. Әр отбасы осындай қуанышқа кенеле берсін", - дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Темірхан Варзилов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 10972 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5317-сі қыз болса, 5655-і ұл бала. Ал биылдыққа 3 үшем, 88 егіз дүниеге келіпті.

Жаңалықтар
0