Қоғам

Маман ай сайынғы кредиттің мөлшерін қалай азайтуға болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, карты, монеты тенге
Портмоне, карты, монеты тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Сарапшы кредиттік төлемдердің мөлшерін төмендетудің бірнеше жолын атады, соның ішінде жақын адамдардан пайызсыз қарыз алу да бар

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Плеханов атындағы Ресей экономика университеті қаржы және баға кафедрасының доценті Диана Степанова кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді азайту әдістері туралы айтты, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Айтуынша, несие төлемдерін азайтудың жолдары жетерлік: қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау (кредит мерзімін қайта қарау, шарттарын өзгерту), нарықтағы ең тиімді ұсынысты таңдау, кредиттік брокермен жұмыс істеу және қосымша ақылы қызметтерден бас тарту.

"Кредиттерді қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау банкке кредитті аз немесе сирек төлеуге мүмкіндік береді. Бірнеше несиені бір кредитке біріктіріп, өтеу мерзімін ұзарту арқылы қарыз жүктемесін азайтуға болады", - деді сарапшы.

Тағы оқыңыз: Сарапшы кредитті уақытынан бұрын қай кезде жабу тиімді екенін айтып берді

Ол нарықтағы ең тиімді ұсынысты таңдау өте маңызды екенін атап өтті. Қосымша ақылы қызметтерден бас тарту да кредит төлемдерін қысқартуға септігін тигізеді, алайда бұл жағдайда несие мөлшерлемесі өсіп кетуі мүмкін.

Төлем мөлшерін төмендетудің басқа да әдістері бар: достардан немесе таныстардан пайызсыз қарыз алу, лизингтік бағдарламаларды таңдау, жеңілдік қарастырылған ұсыныстарды пайдалану, деп толықтырды маман.

"Ал егер кредитті төлеуге мүлде шамаңыз келмей жатса, банкроттық процедурасы мен қарызды кешіруге бастамашылық жасауға болады", - деді Степанова.

Жаңалықтар
0