Әлем

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 1 миллион доллар беріледі

© REUTERS / Dado RuvicДолларовые купюры с изображением президента Вашингтона в защитной маске
Долларовые купюры с изображением президента Вашингтона в защитной маске - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Губернатор Майк Деуайнның айтуынша, үлестірілетін қаражат COVID-19-ға байланысты құрылған қордан алынады

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Огайо штатының билігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған азаматтар арасында лотерея өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлады РИА Новости.

Губернатор Майк Деуайнның айтуынша, жеңімпаз атанған бес адамның әрқайсысына бір миллион доллар табысталады.

"Екі аптадан кейін 26 мамырда біз үлкен кісілерге арналған лотереяның жеңімпазын жариялаймыз. Оған вакцинаның бір дозасын алып, қатыса беруге болады. Жеңімпаздың есімін сәрсенбі сайын бес апта бойы жариялап тұрады. Осылайша, әр сәрсенбіде жеңімпазға бір миллион доллар табысталады", – дейді Деуайн.

Оның сөзіне қарағанда, ұтыстың ақшасы федералдық қордан алынады. Ал бұл қор COVID-19-ға байланысты құрылған болатын.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері АҚШ-та 33 миллионға жуық адам коронавирус жұқтырды. Олардың ішінде 590 мың науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қытайлық вакцина туралы не білеміз – маңызды 10 сұрақтың жауабы

Жақында осы елде вакцина салдырған азаматтардың саны 100 миллионнан асты. Президент Джо Байден 4 шілдеге дейін вакцинаның бірінші дозасын ересек адамдардың 70 процентіне салу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0