Қоғам

Сәуірде ауа райының рекорды жаңарды

© Photo : акимат Южно-Казахстанской областиТюльпаны Грейга
Тюльпаны Грейга - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
Синоптиктердің айтуынша, үшінші онкүндіктің бірінші жартысында Қазақстан аумағында апатты гидрометеорологиялық құбылыстар байқалған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сәуір айында ауа райы құбылуының бірнеше рекорды жаңарып, синоптиктердің таңданысын тудырды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күннің күрт ысуы +38 градусқа жетті

Бұл айда жоғары температурадағы ауа райы оңтүстік өңірде байқалса, күннің күрт суытуы солтүстік пен орталық және шығыс Қазақстан өңірлерінде қалыптасқан.

"Айдың екінші онкүндігінде Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27, +32°С белгісіне жетті. Мысалы, Аққұдық метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 10 сәуірде +32,2°С шамасында рекордтық ауа температурасы тіркелді", – дейді синоптиктер.

Сондай-ақ, тағы бір жылу толқыны сәуір айының соңына қарай, республиканың оңтүстігі мен орталығында және шығысында ауа температурасы +31, +38°С-қа дейін көтерілген. Қызылорда қаласында 28 сәуірде +38,1°С болды, бұл осы күн үшін рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелген.

Төменгі температура рекорды

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында үшінші онкүндіктің басында тіркелген ең төменгі ауа температурасының рекорды жаңартылды.

"Рузаевка метеостанциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) 20 сәуірде ауа температурасы -9,9°С болды. Осылайша, алдыңғы рекорды жаңарды", – делінген ақпаратта.

Синоптиктердің айтуынша, үшінші онкүндіктің бірінші жартысында апатты гидрометеорологиялық құбылыстар да байқалған. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында суық антициклонның әсерімен, топырақ бетіндегі температура 1-5 градусқа дейін, ал Алматы облысында 8-15 градусқа төмендеген.

Бір ай ішінде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы байқалған.

Оқи отырыңыз: Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Солай десек те, 4 сәуірде оңтүстік циклонның ықпалымен Ащысай метеостанциясында (Түркістан облысы) қатты жаңбыр жауып, 8 сағаттан астам уақытта 33,6 мм мөлшерінде жауын-шашын түскен. Ал 21 сәуірде Алматы облысының кей жерлерінде атмосфералық фронттардың әсерінен 20 мм-ге дейін қар жауды.

Жаңалықтар
0