Оқиға

Атырауда мейрамхана өртенді – видео

© Photo : Azh.kz45 пожарных тушили горевший в Атырау ресторан - видео
45 пожарных тушили горевший в Атырау ресторан - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Жазылу
"Аспава" мейрамханасының 2000 жылы салынған мансард бөлігі жанып жатқаны анықталды, оның ауданы – 450 шаршы метр

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Атырауда облыстық прокуратураның жанындағы "Аспава" мейрамханасы отқа оранды, деп хабарлады Ақ Жайық.

Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов та келді.

"14 сағат 42 минутта 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің Call-орталығына "Аспава" мейрамханасындағы өрт туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына келген кезде мейрамхананың мансард бөлігі (2000 жылы салынған, ауданы 450 шаршы метр) жанып жатқаны анықталды", - деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт болған жерде жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге 45 жеке құрам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт кезінде мейрамханада қонақтар болған жоқ, өрт сөндірушілер келгенге дейін "Аспава" мейрамханасының 20 қызметкері өз бетімен қауіпсіз жерге шыққан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0