АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевқа карантинді бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті Times.kz сайты.
Басқарма басшысының әріптестерімен бірге мейрамханада уақыт өткізгенін айғақтайтын видео желіде тарады. Ол жерде Рүстем Исаев мекеме ішінде ән салып жүр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Соған байланысты желі қолданушылары коронавирусқа байланысты санитарлық-эпидемиологиялық шектеулер алынып тасталмаған кезде шенеуніктердің жаппай жиналып жүргеніне наразылық білдірді.
"Облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева карантинді бұзғаны үшін шенеунікке 43 755 теңге айыппұл салынғанын мәлімдеді", – делінген ақпаратта.
Алайда, Исаев видеоның 5 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында түсірілгенін айтты. Ал ол кезде Ақтөбе облысы коронавирустың таралу деңгейі бойынша "жасыл" аймақта болған.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда "еріншектерге" 14 мың теңгеден айыппұл салынып жатыр – видео
Айта кетейік, санитар дәрігерлер шенеунікке мерекелік және бұқаралық шараларға тыйым салынғанын еске салады.