Денсаулық

Жұлынның қатерлі ісігі: заманауи емдеу әдістері

© Photo : pixabay/gkhausПозвоночник, иллюстративное фото
Позвоночник, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері арасында жұлынның зақымдалуы ересектер мен балаларда да жиі кездеседі. Бұл патологияның туындауына не себеп және оны қалай емдейді?

Жұлын аумағында орналасқан қатерлі ісік көбіне 30 бен 50 жас аралығындағы ересек адамдарда жиі кездеседі. Сәйкесінше мұндай аурудың 85%-інде ми қабықшасы мен оның айнласындағы құрылымдар зақымдалады.

Жұлын қатерлі ісігі деген не

"Жұлын ісігі дегеніміз – жұлын аймағында қатерлі немесе қатерлі емес түзілістердің патологиялық тұрғыда пайда болуы", - дейді онколог дәрігер Александр Серяков.

Олар орналасуы бойынша мынандай болып келеді:

Интрамедуллярлы (18 - 20% жағдайда) – жұлын ішінде өседі;

экстрамедуллярлы (80 - 82% жағдайда) – жұлын жанында орналасады, жақын орналасқан тіндерден пайда болады.

Қатерлі емес зақымдалу арасында көп жағдайда эпендимома (63%), астроцитома (30%) кезедеседі. Қатерлі емес гемангиобластома және қатерлі олигодендроглиома сирек кездеседі.

Жұлын қатерлі ісігінің пайда болу себептері

Жұлын аумағында ісік тәрізді түйіннің пайда болуының шынайы себебі әлі нақты анықталған жоқ. Ғалымдар ересектер мен балалар жұлынында ісік тәрізді түзілістің туындауын арттыратын бірнеше факторды атағанмен, ол факторлар дәл осы ісіктің туындауына тікелей себеп емес екенін де айтуда. Олардың қатарында мыналар бар:

  • тұқым қуалаушылық (ген ерекшелігі);
  • канцерогенді әсері бар заттардың ықпалы (химиялық бояулар, өңделген мұнай өнімдері);
  • лимфома өскіні (бұл лимфатикалық жүйедегі қатерлі зақымдалу);
  • Гиппель-Ландау ауруы (тұқым бойынша ісік пайда болу ықтималдылығы жоғары);
  • 2-типтегі нейрофиброматоз пайда болуы (бұл көптеген ісіктер түзілетін ген бұзылуымен байланысты ауру);
  • экологияның қауіпті факторларының әсері (химиялық ластану, радиациялық ықпал);
  • зиянды әдеттер (темекі шегу, ішімдік ішу, дұрыс тамақтанбау);
  • жиі күйзелісте болу;
  • иммунитеттің күрт төмендеуі;
  • шамадан тыс күн көзіне күю (солярийде, жағажайда).

Көбінесе бірден бірнеше фактор әсер етеді және ісіктің өсуі үшін ерекше жағдайлар әсер етуі керек.

Жұлын қатерлі ісігінің белгілері

Ісікке тән немесе тән емес белгілі бір симптомдар жоқ. Барлық белгілер басқа аурулардың да белгісі бола алады. Әсіресе алғашқы сатысында. Сондықтан келесі шағымдар пайда болған жағдайда проблеманы анықтау үшін дәрігерге қаралу керек.

Ауырсыну синдромы. Омыртқа жотасында туындаған ауырсыну көп жағдайда ісіктің бар екенін білдіреді. Бастапқы кезеңде ауырсыну жеңіл немесе ауыр болуы мүмкін. Бірақ нақты айқын неврологиялық симптомдар болмайды. Ісік өскен сайын адамның сезімталдылығы мен қозғалысында ауытқу пайда болып, жөтелгенде немесе тез қимылдағанда, түшкіру, физикалық жаттығу, түнде, басты шетке қисайтқанда ауырсыну қатты байқалады.

Қозғалыстың бұзылуы. Бұлшықеттердің де зақымдалуы және сезімталдылықтың бұзылуы байқалуы мүмкін.

Сезімталдылықтың бұзылуы. Кейде ауырсыну сезімі болмайды, бірақ шамадан тыс сезімталдылық қалыптасуы мүмкін. Науқас ауырсынуды, температураны, адамның жанасуын сезбеуі мүмкін. Бірақ ол қысым, дірілді қатты сезе бастайды.

Сфинктерлер жұмысындағы проблема. Зәр шығару жұмысында ақау анықталуы мүмкін. Кейде ас ішектің босауында қиындық туындауы кездеседі. Бұл зәр немесе нәжістің тұралап қалуына әкеледі.

Сондай-ақ ауру процесінің үдеуіне қарай ауырсыну сезімінің қалыптасуы, қимыл-қозғалыстың бұзылуы немесе омыртқа денесінің бұзылуына байланысты омыртқа жотасының сколиозы пайда болуы мүмкін.

Сырт көз арқылы жұлын ісігін анықтау мүмкін емес. Ол жұлын арнасының аясында тереңде орналасқан.

Жұлын ісігінің жіктелуі

Жұлында орналасқан ісіктерді жіктеудің өте көп нұсқасы бар. Оларды бірқатар белгісі бойынша топтарға бөлуге болады – жұлын, омыртқа жотасы немесе ми қабықшасына қатысты ісіктің орналасуы, гистологиялық жағдайдың ерекшеліктері, зақымдалудың нақты орналасқан аумағы.

Егер ісікті пайда болуына қарай жіктесек, онда оны екі топқа бөліп қарастыруға болады:

бастапқы – бұл жұлынның өзіндегі, оның қабықшаларындағы тіндерден өсіп шыққан ісік;

қайталанған – бұл басқа аймақтан пайда болған жұлынды зақымдайтын ісік (оның ішінде – метастатикалық).

Орналасуы бойынша ісікті бірнеше топқа бөлуге болады:

  • экстрадуралды ісік – қатты ми қабықшасының аумағының үстінде орналасқан ісік;
  • интрадуральды – қатты қабықшаның астында орналасқан ісік;
  • интрамедуллярлы – жұлын тіндерінен туындап, жұлынның ішінде өсетін ісік.

Ісіктер жұлынның артында, ортасында, шеттерінде орналасып, мойын немесе кеуде, бел немесе сегіскөз бөліктерін зақымдайды.

Пайда болуы және тіндердің түрі бойынша жіктелуі өте көп. Сондықтан ісіктер биопсия мәліметі бойынша анықталады.

Жұлын ісігін емдеу

Емдеу әдісін анықтау және ісікті алып тастау мүмкіндігін қарастыру үшін дәрігердің көмегіне жүгіну керек. Дәрігер маман толық тексеру жүргізіп, ісік түрі және оның өсу сатысын анықтайды.

Диагностика

Диагностика жүргізу – бұл ісік көлемін, түрін анықтауға және оны емдеу жоспарын құруға мүмкіндік беретін сатылы процесс. Ең алдымен дәрігер үшін науқастың өз аузынан естіген шағымдары, ауру симптомдары және бұған дейін қандай аурумен ауырғаны туралы ақпарат маңызды. Сонымен қатар симптомдар ең алғаш қашан байқала бастағаны және уақыт өте келе қалай өзгергені де маңызды рөл атқарады.

Сондай-ақ толық неврологиялық тексеру жүргізіледі - бұлшықет тонусы, рефлекстері, бұлшықет күші, омыртқаның қозғалғыштығы, сезімталдығы тексеріледі. 

Патологияны анықтау үшін мыналар қажет:

  • Контрастпен жасалатын МРТ – бұл бүтіндей жұлынның, оның құрылымдарының жай-күйін толық тексеруге және ісікті анықтауға мүмкіндік береді;
  • КТ-миелография – бұл ісік шекарасын бағалау әдістемесі;
  • диффузды-өлшемді және диффузды-тензорлы МРТ;
  • сцинтиграфия.
  • тікелей ангиография.

Ісік түрі, орналасқан жері және көлемі анықталғаннан кейін оның емдеу жоспары дайындалады.

Заманауи емдеу әдістері

"Нейрохирургиялық операция емдеудің негізгі түрі болып саналады. Ол операция кезінде жаңа түзілісті алып тастайды да, жұлын декомпрессиясы жойылады. Көп жағдайда микро-нейрохирургиялық тіндер, интра-операциялық нейровизуализация мен нейронавигация қолданылады", - дейді онколог дәрігер Александр Серяков.

Жұлынның қатерлі ісігіне шалдыққан жағдайда кейде хирургиялық емдеуден бөлек науқасқа химиотерапия және сәуле терапиясы тағайындалуы мүмкін. Онколог дәрігер Александр Серяковтың айтуынша, ересектерде кездесетін жұлын ісігінің алдын алу шараларына ең алдымен салауатты өмір салты жатады:

  • физикалық белсенділік (ең дұрысы таза ауада);
  • дұрыс тамақтану;
  • күйзеліске түсіретін жағдайдан аулақ болу;
  • дұрыс ұйықтау;
  • кәсіби зиянды факторлардан, сәулеленуден, зиянды әдеттерден бас тарту.
Жаңалықтар
0