Қоғам

Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Парламент адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері туралы заңды биыл сәуір айында қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңеске адвокаттық қызмет туралы заңның Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсірді.

"Конституциялық кеңес президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады", - делінген ведомство сайтында.

Парламент заңды 2021 жылы 8 сәуірде қабылдаған болатын.

Конституциялық кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды. Онда аталған өтініш мәні бойынша қаралады.

Конституциялық кеңес регламентінің 5-2-тармағына сәйкес, осы мәселелерге маманданған азаматтар, құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар Конституциялық кеңеске өз қорытындыларын gulmira@ksrk.gov.kz электронды поштасына жолдай алады.

Еске салсақ, 4 наурызда сенат адвокаттық қызмет мәселелері туралы заң жобасын тоғыз позиция бойынша өзгерістер енгізіп, мәжіліске кері қайтарды. Мәжіліс сегізін мақұлдап, бір позициямен келіспеді. Сенаторлар мен мәжілісмендер арасында дау тудырған норма бойынша шешім қабылдау үшін келісім комиссиясы құрылды.

Кейін заң жобасына қатысты келіспеушіліктер жойылып, депутаттар республикалық заң консультанттары алқасын құру туралы даулы норма бойынша мәмілеге келді.

Жаңалықтар
0