Өңірлер

Риддерде сілесі қатқан өрт сөндірушілер далада ұйықтап жатыр – видео

© AP Photo / Jae C. HongПожарный в облаке пепла
Пожарный в облаке пепла  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Әлеуметтік желі қолданушылары өрт сөндірушілерге қиын-қыстау кезеңде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін алғыс білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Риддердегі өртті ауыздықтаған соң далада ұйықтап жатқан өрт сөндірушілердің видеосы тарады, деп хабарлады Altaynews.kz.

Ролик әлеуметтік желіде жарияланған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтап, үйінділерді ретке келтіріп болған соң жерде ұйықтаған.

"Жігіттер шынымен де шаршады", - дейді видео авторы.

Желі қолданушылары құтқарушыларға алғыс білдірді. 

"Мұндай көріністерді бөлісіп, олар туралы жазуымыз керек", "Мен осының бәрін көзіммен көрдім, Сіздердің қызметтеріңізге рақмет", "Басымды иемін. Олар туралы фильм түсірген жөн", "Біздің заманымыздың қаһармандары", "Жарайсыңдар! Сендерге алғысымыз шексіз", "Еліміздің басына ауыр күн туғанда қасқайып, қарсы тұрып, ауыртпалықты көтеріп алатын осындай ер азаматтар аман болсын" деп жазды олар.

Еке сала кетейік, Риддерде орман өрті елді мекенге жетіп, отыздан астам үйдің күлі көкке ұшты. Өрт орнында 1948 жылы туған әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ ауруханаға 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екеуінің де жағдайы ауыр, денесінің 88 және 80 процентін күйік шалған.

Риддерде төтенше жағдай режимі енгізілді.

Жаңалықтар
0