Өңірлер

Риддердегі өрт толығымен сөндірілді

© ДЧС Восточно-Казахстанской областиОрман өрті
Орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Риддер қаласында тілсіз жау салдарынан жетпіс екі адам баспанасыз қалды, оның ішінде он бірі – балалар

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 31 үйдің күлін көкке ұшырған орман өрті толығымен сөндірілді.

"2021 жылы 12 мамырда сағат 14.30-да Риддер қаласындағы орман өрті 272,4 га алаңда толығымен сөндірілді", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Еске салсақ, 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде өрт шығып, артынша орманға жайылды. Өртті дер кезінде сөндіруге қатты жел кедергі келтірді: екпіні 20 м/с дейін жеткен болатын.

Салдарынан бес көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және жеті учаскеде шаруашылық құрылыстары, сондай-ақ ТҚС үй-жайы өртеніп кетті.

Өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған. Қазір 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйлеріне орналастырылды. 

Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0