Өңірлер

Көкшетауда жас мұғалім жоғалып кетті

© AP Photo / Michael ProbstЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Жігіт Көкшетауға жеке шаруасымен келген, тәтесіне қонаққа барған, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Көкшетау полицейлері бес күн бұрын жоғалып кеткен 32 жастағы мұғалімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 мамырда Көкшетау полиция басқармасына Солтүстік Қазақстан облысына қарасты ауылдың 53 жастағы тұрғыны хабарласып, көмек сұрады. Айтуынша, 1989 жылғы ұлы Бақтияр Талғатұлы Теміржанов 7 мамыр таңғы сегізде үйден шығып, Көкшетауға кеткен. Жақындары содан бері онымен байланысқа шыға алмай отыр.

Белгілі болғандай, жігіт Көкшетауға жеке шаруасымен келген, тәтесіне қонаққа барған, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Анықталғандай, жоғалған ер адам – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Тағы оқыңыз: Жетісай тұрғыны түнде ұйқыға жатқызған 3 жасар баласын таппай қалды

Белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, қысқа қиылған, құлақтары орташа, көздері қоңыр. Үстіне сұр түсті джинсы, қою көк түсті куртка, аяғына бауы бар қоңыр туфли киген.

Ерекше белгілері: астыңғы ернінің төменгі оң жағында меңі бар.

"Ер адамды табу үшін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Бүкіл камера қаралды, бірақ әзірге оны табу мүмкін болмады", - деді департаменттегілер.

Полиция Бақтияр Теміржановты көрген-білген адамдардан "102" арнайы желісіне немесе 29-96-00 нөміріне хабарласуды сұрады.

Жаңалықтар
0