Өңірлер

Жаяу адамды басып кетті: Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Сот үкімімен екі жүргізушінің бір жылға бас бостандығы шектелді, сондай-ақ, үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда атышулы жол апатына кінәлілер сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жол апаты 2020 жылы 17 қыркүйекте таңғы сағат 08.00 шамасында Алматы қаласының Әуезов ауданында болған.

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, "Daewoo Matiz" автокөлігінің жүргізушісі С.Сатқынбай Алтынсарин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылымен қиылыста тыйым салынған бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, жүргізуші Е.В.Ивченконың басқаруындағы "JAC S3" автокөлігімен соқтығысты", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Ал Ивченко Абай даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сары түсіне өтіп кеткен. Соқтығысу салдарынан "JAC S3" көлік инерциямен қиылыстың бұрышында тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

"Осы оқиғаның салдарынан жаяу адам ауыр дене жарақаттарын алды", – деді Әбдірахманов.  

Спикердің айтуынша, бұл факт бойынша тергеу аяқталды. Әуезов аудандық сотының үкімімен екі жүргізуші де Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды, олардың әрқайсының бір жылға бас бостандығы шектелді, сондай-ақ, үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Жаңалықтар
0