Өңірлер

Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті

© Sputnik / СтрингерСтолкновение на улице Джандосова
Столкновение на улице Джандосова  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Жол апатынан зардап шеккен қыз жақын жердегі ауруханаға жатқызылды. Полицейлер мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Алматыда Жандосов көшесінде жаппай жол апаты болды, бір адам жарақат алды, ал кінәлі жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті.

© Sputnik / СтрингерЖандосов көшесіндегі жол апаты
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: жүргізуші апат орнынан қашып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жандосов көшесіндегі жол апаты

Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, Nissan Cefirо жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатып, Береке көшесіне жетпей, белгісіз себептермен қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Rav4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.   

Toyota қатты соққыдан жолдың шетіне ұшып түсті. Nissan Cefiro да бұрылып кетіп, Toyota Surf көлігін соқты.

Жол апаты салдарынан Toyota Rav4 жүргізушісі жарақат алды, ол түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Nissan Cefiro жүргізушісі апат орнынан жаяу қашып кетті.

Жол апаты болған жерде полицейлер мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.   

Жол полициясы қызметкерлері қашып кеткен жүргізушіні іздеуге кірісті.

Жаңалықтар
0