Қоғам

Ғалым ауадағы бактерияны жоятын өсімдік түрлерін атады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуДеловой офис
Деловой офис - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Тез өсетін бөлме өсімдіктері ауадағы токсиндерді сіңіріп алады, дейді биолог

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Биология ғылымдарының докторы Владимир Чуб үйдегі ауаны тазартатын, залалсыздандыратын және дымқылдандыратын өсімдіктерді атады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Атап айтқанда, мирт, гүлшетен және тағы басқа хош иісті өсімдіктердің фитонцидті әсері бар. Бұл дегеніміз, олар бактериянды жояды. Оны "фитонцидті әсер" деп атайды. Әсіресе, қылқан жапырақты орманда ондай әсер ерекше сезіледі. Қылқанның иісі шығады, адам энергияның артқанын сезеді, сергектік күшейеді", - дейді Чуб.

Оның айтуынша, тез өсетін бөлме өсімдіктері ауадағы токсиндерді сіңіріп алады.

"Өсімдіктердің көбі күкірт қосылыстарын, азот тотығын сіңіріп алады. Әсіресе, тез өсетін, соның ішінде хлорофитум, традесканция бар", - деп атап көрсетті биолог.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар адам өмірін қысқартатын өнімді атады

Ал жалпақ жапырақты өсімдіктер үйдегі ауаның ылғалдылығын жақсартады.

"Орталық жылу жүйесі қосылып тұрғанда үйдегі ауа шөл далада сияқты өте құрғақ болады. Ондайда жалпақ жапырақты өсімдіктердің көмегі зор. Аспидистра, эухаристер, жалпы, фикус сияқты бөлме ағаштарында үлкен жапырақ болады. Демек, құрамындағы су да көп буланады. Соның арқасында үйдегі ауаның ылғалдылығы сақталады ", - деді Чуб.

Осы орайда ғалым бөлме өсімдіктерінің жапырағын сүртіп, шаңнан тазартып отыру қажеттігін де еске салды. Сонда өсімдік үйдегі микроклиматты жақсарта береді.

Жаңалықтар
0