Әлем

Турист шыны едені ұшып кеткен көпір үстінде қалып қойды – фото

© Twitter / Matt KnightТурист застрял над пропастью на стеклянном мосту
Турист застрял над пропастью на стеклянном мосту - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Құтқарушылар бір сағат ішінде ер адамды апат орнынан алып шығып, психологтар онымен тиісті деңгейде жұмыстар жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Ер адам Цзилинь провинциясының (солтүстік-шығыс Қытай) мәдени-туристік аймағындағы шыны көпірде жалғыз қалып қойды.

Бұл оқыс оқиға жайлы Синьхуа хабарлады. Төтенше жағдай жұма күні түс уақытында Лунцзин қаласындағы Пиянь тауында болған. Сағатына 150 километр жылдамдықпен ұйытқыған желдің әсерінен көпір бетіндегі бірнеше шыны еден ұшып кеткен. Ал ол жерден 100 метр биіктікте орналасқан. 

​Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде ер адам құтқарылып, оны ауруханаға жеткізді. Психологтар туристпен тиісті жұмыстар жүргізді.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл оқиға "қытай твиттері" деп аталып кеткен Sina Weibo микроблог сервисін пайдаланушылар арасында қызу талқыланып, төтенше жағдай туралы хабарламаны 4 миллионнан астам адам көрген.

Басылым мәліметіне сәйкес, Қытайдың таулы курорттарында шыны көпірлер туристер арасында үлкен сұранысқа ие. Ал елдегі геологиялық музей шығаратын "Жер" журналының ақпараты бойынша, 2016 жылдың соңына қарай бүкіл ел аумағында кемінде 60 шыны көрпір салынған.

Мұндай ерекше нысандардың ішіндегі ең танымалы Хунань (Орталық Қытай) провинциясындағы Чжанцзяцзе туристік ауданында орналасқан. Мұндағы көпірдің ұзындығы 430 метр, ал ені 6 метрді құрайды және ол жерден 300 метр биіктікте екі жартастың ортасына салынған.

Оқи отырыңыз: "Кеш қалдыңыздар": дәрігер қазақстандықтардың ең басты қателігін атады

Қазір Пиянь тау курорты жабық тұр. Осы оқиғадан кейін Лунцзин қаласының билігі барлық туристік көрнекі жерлерге тексеру жүргізуді бастады.

Жаңалықтар
0