Қоғам

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев жағымды жаңалығын бөлісті

© Photo : Пресс-служба саната парламента Казахстана Сенат спикері Мәулен Әшімбаев
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Әшімбаевта коронавирус симптомдары байқалмаған, сол себепті парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы жұмысын онлайн жалғастырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирустан жазылып шыққанын айтты.

"Соңғы тапсырған екі ПТР сынамасының нәтижесі ойдағыдай болып, індеттен жазылып шықтым. Соған байланысты екі аптаға жалғасқан карантиннен кейін бүгін қайтадан қалыпты жұмыс форматына көшкенімді хабарлаймын", - деп жазды спикер Facebook-те.

Әшімбаев осы уақыт ішінде бойында ауру белгілері байқалмағанын атап өтті. Сондықтан ол жұмысын тоқтатпай, қашықтан істеген.

Сенат төрағасы жылы лебіз білдіріп, тезірек сауығып кетуін тілеген қазақстандықтарға алғысын жеткізді.

"Мен үшін мұның маңызы зор. Алдымызда елдік мүдде жолында атқаратын әлі талай ауқымды міндеттер тұр. Соларды іске асыру кезінде де өздеріңізбен үнемі байланысты боламыз деп сенемін", - деді ол.

Әшімбаев адамдарды сақтық шараларын ұстанып, медицина қызметкерлері мен мамандардың ұсынымдарын барынша орындауға шақырды.

27 сәуірде сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді.

Айта кетсек, Қазақстанда сенат спикері – лауазымы бойынша президенттен кейінгі екінші адам. Президент өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда елді парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы басқарады.

Жаңалықтар
0