НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазан қаласында мектепке шабуыл жасаған күдікті Ильназ Галявиевті осы жылдың сәуірінде колледжден шығарып жіберген, деп хабарлайды "Mash" Telegram-каналы.
"ТИСБИ" колледжінің студенттері оны сабырлы, дау-жанжалдан алыс жүретін адам ретінде сипаттады.
"Оқудан шығарылғаннан кейін екі күннен соң, 28 сәуірде Ильназ қаруға лицензия алған. Ал бүгін төрт жыл бұрын өзі бітірген мектебіне шабуыл жасады",- деп жазды "Mash" Telegram-каналы.
Қазан мектебіндегі трагедия
Сейсенбі күні белгісіз біреу №175 мектепте атыс шығарды. Татарстан басшысы Минниханов атыс кезінде бір мұғалім мен жеті бала көз жұмғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, жиырма адам жараланған.
Тағы оқыңыз: Он бір адам көз жұмды – Қазанда мектептің ішінде түсірілген видео тарады
БАҚ мәліметінше, оқ жаудырғандардың бірі – осы мектептің түлегі. Шабуылға дейін колледжде IT-мамандық бойынша оқыған.