НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Елордада Astana Garden School жекеменшік мектебінің электронды поштасына оқу мекемесіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлады.
Бұл туралы мектеп басшылығы полицияға 11.32-де хабар берген. Оқиға орнына бірден шұғыл қызметтер жіберілді.
"Мектептен 175 адам эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ", -делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ірі мөлшерде айыппұл не бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Тағы оқыңыз: Қазан мектебіндегі атыс: күдікті туралы тың дерек шықты
Полиция бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама таратқандар материалдық шығынды өтеумен бірге қылмыстық жазаға тартылатынын ескертті. Былтыр осындай он факті тіркелген. Кінәлілердің барлығы ұсталып, әртүрлі мерзімге сотталды.