НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Ресейдің мемлекеттік думасы пленарлық отырыста Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты ратификациялады. Оған 2020 жылдың 16 қазанында Нұр-Сұлтанда қол қойылған.
Шартқа 1994 жылдың 28 наурызында қол қойылған осыған ұқсас құжаттың кей қағидаларының өзектілігін жоғалтуына байланысты қайта қол қойылғаны айтылды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті – Ақорда ресми хабарлама таратты
Құжатта "Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық іс-шараларының орындалуын реттейтін халықаралық-құқықтық негіздер және оларды іске асыру нысандары" жазылған.
"Тараптардың шартты іске асыру жөніндегі уәкілетті органы – Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі", - делінген ақпаратта.