Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Билл Гейтс 27 жыл отасқан әйелімен ажырасты: миллиардер мұрасы қалай бөлінді – фото

Жазылу
Әлемдегі ең бай жұп – Билл және Мелинда Гейтс отыз жылға жуық заңды некеден кейін ажырасуға бел байлады. Танымал ерлі-зайыптының өмірі жайлы қызықты деректерді төмендегі материалдан оқыңыз

Билл және Мелинда Гейтс 27 жыл бойы берік некенің үлгісі болып келді. Олардың ажырасу туралы шешімі көпті таңғалдырды әрі жабырқатты. Миллиардердің әйелі өз сөзінде олардың некесі құрдымға кеткенін және оны еш жағдай қалпына келтіре алмайтынын мәлімдеді. Ал кәсіпкер мұндай шешімге не түрткі болғаны жайлы жақ ашпады.

"Қарым-қатынасымызды жақсарту бойынша жұмыстар жасағаннан кейін біз ұзақ ойлана келе некені бұзу туралы шешім қабылдадық" – деп жазды жұбайлардың әрқайсысы өз Твиттер парақшасында.

Алайда олар қайырымдылық қоры аясындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізе береді. Bill & Melinda Gates Foundation компаниясында олар тең төраға ретінде қалды.

Оқи отырыңыз: Билл Гейтс коронавирустан кейін адамзатқа қандай қауіп төніп тұрғанын айтты

Билл Гейтс – 65, Мелинда – 56 жаста. Олар ғаламшардағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Олардың мұрасы 130 миллиард долларға бағалануда. Сонымен қатар Microsoft негізін қалаушының жары әлемдегі ең  ықпалды әйелдердің қатарында.

БАҚ-тағы ақпаратқа сәйкес, ажырасқаннан кейін Мелинда Гейтс күйеуінің құны 1,8 миллиард доллар болатын құнды қағаздарына иелік етеді. Сондай-ақ Канада ұлттық теміржол компаниясындағы 1,5 миллиард доллар тұратын акциялар мен АҚШ-тағы Autonation ірі автоделдалының бағасы 300 миллион долларды құрайтын үлесі де бұйырды. Бұл Билл Гейтске тиесілі акциялардың шағын бөлігі ғана.

Миллиардтаған байлығына қарамастан, Гейтстер балаларына тек 10 миллион доллар көлемінде мұра қалдыру туралы шешім қабылдады. Экс-жұптың пікірінше, "тым көп ақша ешкімге жақсылық алып келмеген".

Гейтстер туралы қызықты фактілер мен фотоларды Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© AP Photo / Elaine ThompsonЕрлі-зайыптылар 1987 жылы Нью-Йоркте Microsoft іс-шарасы кезінде танысқан. Мелинда компанияда маркетинг жөніндегі менеджер қызметін атқарған. Суретте: Киркландтағы сұхбат кезіндегі Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда. Вашингтон штаты, 2019 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой во время интервью в Киркланд, штат Вашингтон, 2019 год - Sputnik Қазақстан
1/11
Ерлі-зайыптылар 1987 жылы Нью-Йоркте Microsoft іс-шарасы кезінде танысқан. Мелинда компанияда маркетинг жөніндегі менеджер қызметін атқарған. Суретте: Киркландтағы сұхбат кезіндегі Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда. Вашингтон штаты, 2019 жыл.
© AP Photo / Dave WeaverБилл Гейтс пен Мелинда 1994 жылдың 1 қаңтарында үйленді. Неке қию салтанаты Ланаи гаваи аралындағы гольфқа арналған алаңда өтті. Суретте: Гейтс пен әйелі неке қиылғаннан кейін бір аптадан соң, 1994 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой через неделю после бракосочетания, 1994 год - Sputnik Қазақстан
2/11
Билл Гейтс пен Мелинда 1994 жылдың 1 қаңтарында үйленді. Неке қию салтанаты Ланаи гаваи аралындағы гольфқа арналған алаңда өтті. Суретте: Гейтс пен әйелі неке қиылғаннан кейін бір аптадан соң, 1994 жыл.
© AFP 2024 / Adrian DennisМелинда Microsoft қызметкерлерінің жұмыс бабымен өткен кешкі аста Билл Гейтстің назарын өзіне аударған. Ол екеуі де бас қатырғыш есептерге қызыққан. Сондай-ақ миллиардердің болашақ жары кешкі ас кезінде оны математикалық ойын кезінде жеңген. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Лондондағы Букингем сарайында, 2005 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой у Букингемского дворца в Лондоне, 2005 год - Sputnik Қазақстан
3/11
Мелинда Microsoft қызметкерлерінің жұмыс бабымен өткен кешкі аста Билл Гейтстің назарын өзіне аударған. Ол екеуі де бас қатырғыш есептерге қызыққан. Сондай-ақ миллиардердің болашақ жары кешкі ас кезінде оны математикалық ойын кезінде жеңген. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Лондондағы Букингем сарайында, 2005 жыл.
© AFP 2024 / Getty Images North America / Jamie McCarthy Ерлі-зайыптының ортақ үш баласы бар: қыздары Дженнифер мен Фиби Адель және ұлы Рори. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда кіші қыздары Фиби Адельмен бірге, 2017 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой и младшей дочерью Фиби Адель, 2017 год - Sputnik Қазақстан
4/11
Ерлі-зайыптының ортақ үш баласы бар: қыздары Дженнифер мен Фиби Адель және ұлы Рори. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда кіші қыздары Фиби Адельмен бірге, 2017 жыл.
© AP Photo / Andy RogersҚазір Билл 65, ал Мелинда 56 жаста. Үйленгенге дейін миллиардер отбасылық өмір мен Microsoft-тағы қызметін бірге алып жүре алмаймын деп көп алаңдаған. Оның осыған қатысты күдігі де көп болған. Суретте: Билл Гейтс әйелімен бірге Сиэтлдегі Вашингтон университеті заң мектебінің жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатысуда, 2001 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой на открытии нового здания юридической школы Вашингтонского университета в Сиэтле, 2001 год - Sputnik Қазақстан
5/11
Қазір Билл 65, ал Мелинда 56 жаста. Үйленгенге дейін миллиардер отбасылық өмір мен Microsoft-тағы қызметін бірге алып жүре алмаймын деп көп алаңдаған. Оның осыған қатысты күдігі де көп болған. Суретте: Билл Гейтс әйелімен бірге Сиэтлдегі Вашингтон университеті заң мектебінің жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатысуда, 2001 жыл.
© AFP 2024 / Pool / Chris YoungБилл мен Мелинда қайырымдылық қоры 2000 жылы құрылды және ол АҚШ-тағы ең ірі қор болып саналады. Білім беру және әлеуметтік бағдарламалардан бөлек, қор асқынған ауруларға қарсы дәрілерді әзірлеу жобаларын да қаржыландырады. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері бұл қор осы инфекцияны зерттеушілер мен вакцина әзірлеушілерге 1,7 миллиард доллар қаржы бөлді. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Ұлыбритания королевасы ІІ Елизаветамен кездесуде, 2005 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой на встрече с королевой Великобритании Елизаветой II, 2005 год - Sputnik Қазақстан
6/11
Билл мен Мелинда қайырымдылық қоры 2000 жылы құрылды және ол АҚШ-тағы ең ірі қор болып саналады. Білім беру және әлеуметтік бағдарламалардан бөлек, қор асқынған ауруларға қарсы дәрілерді әзірлеу жобаларын да қаржыландырады. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері бұл қор осы инфекцияны зерттеушілер мен вакцина әзірлеушілерге 1,7 миллиард доллар қаржы бөлді. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Ұлыбритания королевасы ІІ Елизаветамен кездесуде, 2005 жыл.
© REUTERS / Rick WilkingForbes ақпараты бойынша, Билл Гейтс ғаламшардағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Оның мұрасы 130 миллиард долларға бағалануда. Сонымен қатар Microsoft негізін қалаушының жары әлемдегі ең ықпалды әйелдердің қатарында. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сан-Валлидегі Allen & Co конференциясында. АҚШ, 2014 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой на конференции Allen & Co в Сан-Валли, США, 2014 год - Sputnik Қазақстан
7/11
Forbes ақпараты бойынша, Билл Гейтс ғаламшардағы ең бай адамдардың тізімінде төртінші орында тұр. Оның мұрасы 130 миллиард долларға бағалануда. Сонымен қатар Microsoft негізін қалаушының жары әлемдегі ең ықпалды әйелдердің қатарында. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сан-Валлидегі Allen & Co конференциясында. АҚШ, 2014 жыл.
© AP Photo / Elaine Thompson2021 жылдың ақпанында бұл ерлі-зайыпты АҚШ-тағы ең ірі жер иеленушілер ретінде танылды. Оларға 1 мың шаршы километр жер телімі, соның ішінде, Американың 19 штатындағы 979,3 шаршы километр ауыл шаруашылыққа арналған жер аумағы тиесілі. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сиэтлдағы Bill & Melinda Gates Foundation ашылу салтанатында. Вашингтон штаты, 2011 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой на открытии Bill & Melinda Gates Foundation в Сиэтле, штат Вашингтон, 2011 год - Sputnik Қазақстан
8/11
2021 жылдың ақпанында бұл ерлі-зайыпты АҚШ-тағы ең ірі жер иеленушілер ретінде танылды. Оларға 1 мың шаршы километр жер телімі, соның ішінде, Американың 19 штатындағы 979,3 шаршы километр ауыл шаруашылыққа арналған жер аумағы тиесілі. Суретте: Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Сиэтлдағы Bill & Melinda Gates Foundation ашылу салтанатында. Вашингтон штаты, 2011 жыл.
© REUTERS / Pool / Kamil ZihniogluМелинда Гейтс Далласта, "Аполлон" бағдарламасы аясында жұмыс істеген авиағарыш инженерінің отбасында өскен. Оның анасы үй шаруасындағы әйел болған. Суретте: Microsoft негізін қалаған Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Парижде, 2017 жыл.
Основатель Microsoft Билл Гейтс с супругой Мелиндой в Париже, 2017 год - Sputnik Қазақстан
9/11
Мелинда Гейтс Далласта, "Аполлон" бағдарламасы аясында жұмыс істеген авиағарыш инженерінің отбасында өскен. Оның анасы үй шаруасындағы әйел болған. Суретте: Microsoft негізін қалаған Билл Гейтс әйелі Мелиндамен бірге Парижде, 2017 жыл.
© AP Photo / Gazi SarwarБилл мен Мелинда балалары 14 жасқа толғанға дейін оларға ұялы телефон сатып алып бермеген. Бұл олардың отбасындағы қатаң қағида болған. Суретте: Ерлі-зайыпты Гейтстер Бангладеште, 2005 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой в Бангладеш, 2005 год - Sputnik Қазақстан
10/11
Билл мен Мелинда балалары 14 жасқа толғанға дейін оларға ұялы телефон сатып алып бермеген. Бұл олардың отбасындағы қатаң қағида болған. Суретте: Ерлі-зайыпты Гейтстер Бангладеште, 2005 жыл.
© AP Photo / Aftab Alam SiddiquiБилл және Мелинда Гейтс үш баласына тек 10 миллион доллардан қалдыру туралы шешім қабылдаған. Бұл миллиардтаған мұраның тарыдай ғана бөлшегі. Өзара келісім бойынша қалған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Үндістанда, 2011 жыл.
Билл Гейтс с супругой Мелиндой в Индии, 2011 год - Sputnik Қазақстан
11/11
Билл және Мелинда Гейтс үш баласына тек 10 миллион доллардан қалдыру туралы шешім қабылдаған. Бұл миллиардтаған мұраның тарыдай ғана бөлшегі. Өзара келісім бойынша қалған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Суретте: Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда Үндістанда, 2011 жыл.
Жаңалықтар
0