Қоғам

Аймағамбетов биыл соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПоследний звонок 2020
Последний звонок 2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Биыл соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мектеп ауласында өткізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол соңғы қоңырау жылдағыдай 25 мамырда соғылатынын атап өтті.

"Соңғы қоңырау шарасын 9 бен 11 сынып оқушыларына, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ашық алаңда өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бұл оқушылар үшінші тоқсаннан бастап, негізінен, дәстүрлі форматта оқып жатқанын білесіздер", - деді Аймағамбетов ведомство аппаратының жиналысында.

Сонымен қатар айтуынша, маусым айының ортасында аттестат табыстау рәсімін де далада өткізу жоспарланып отыр.

Бұл ретте министр бетперде және әлеуметтік қашықтық режимі, тағы басқа санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: Сабақ 19 маусымға дейін болады: Аймағамбетов жазғы мектеп қалай жұмыс істейтінін айтты

"Тек осы талаптар сақталғанда ғана және ашық ауада өткізгенде ғана осындай рұқсат беріледі. Осыны есте сақтап, тиісті деңгейде өткізу керек", - деді ведомство басшысы.

Былтыр 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимде қоштасқан болатын.

Осы жылы қазақстандық оқушылар 26 мамырдан бастап жазғы демалысқа шығады. Мамырдың соңында жазғы мектептер ашылады, ол жерде қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушылар олқылықтың орнын толтыра алады.

Жаңалықтар
0