Әлем

"Ақша мен сыйлық беруге болмайды": Қырғызстанда жиын-тойларға шектеу енгізіледі

© Public DomainСвадебный торт, иллюстративное фото
Свадебный торт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Заң жобасында той немесе ас беріп жатқан тұлғаға әкімшілік тұрғыда тәуелді адамдар болса, олар той иесіне ақшалай және бағалы сыйлықтар бере алмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр — Sputnik. Қырғызстанда үйлену, ас беру және тағы басқа жиын-тойларды өткізу тәртібін заңмен бекіту бастамасы көтерілді. Осыған байланысты бірқатар шектеулерді енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан

Жогорку Кенештің ресми сайтында "Қырғызстан Республикасында үйлену, ас беру, еске алу, мерейтойлық және отбасылық шараларды ретке келтіру туралы" және  "Тәртіп бұзушылықтар кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобалары жарияланды. Депутат Улукбек Ормоновтың айтуынша, заң жобасы коронавирус пандемиясына байланысты әзірленіп отыр. Оған қоса, халық арасында ысырапшылдық шектен асып барады. Адамдар "сән-салтанаты жарасқан" тойларды өткіземіз деп, қарызға белшесінен батады. Артынан оны қайтару үшін шетелге барып, жұмысы істейді. Ал кейбіреулер көрші-қолаң мен туған-туысқан сынамасын деп, ақшаны аямай шашады.

Оқи отырыңыз: Карантинде той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

Заң жобасының негізгі баптары:

  • отбасылық жиын-тойларға шақырылатын адамдардың санын 100-ден асырмау;
  • үйлену тойларын бір күннің ішінде өткізу, ал банкетке 200 адамға дейін шақыру;
  • неке қию кезінде кортежді үш жеңіл көліктен асырмау;
  • жаназаға қатысушылардың санына шектеу жоқ, алайда ірі қара мал мен жылқыны союға болмайды;
  • адам қайтыс болғаннан кейін барлық салт-дәстүрді ірі қара мен жылқыны соймай өткізу, ал шақырылған адамдардың санын 100-ден асырмау;
  • қажылыққа шығарып салу және қарсы алу шаралары отбасымен ғана өткізу;
  • қажылыққа байланысты бұқаралық шаралары өткізуге қатаң тыйым салынады;
  • үйлену, ас беру, еске алу, мерейтойлық және отбасылық шараларды өткізетін тұлғаға әкімшілік тұрғыда тәуелді адамдарға ақшалай және бағалы сыйлықтар беруге тыйым салынады;
  • үйлену, ас беру, еске алу, мерейтойлық және отбасылық шараларды демалыс күндері сағат 8.00-ден 23.00-ге дейін, ал жұмыс күндері сағат 18.00-ден 22.00-ге дейін өткізу;
  • мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің мерейтойлары мен еске алу шараларын, сондай-ақ, ұйымдар мен мекемелердің құрылуына арналған даталарды мемлекеттік деңгейде тойлау министрлер кабинеті бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады;
  • министрлер кабинеті заңды орындауды бақылайтын органды анықтайды, осы мекеме үйлену, ас беру, еске алу, мерейтойлық және отбасылық шараларды өткізу тәртібін қадағалайды.

Сондай-ақ тәртіпті бұзғаны үшін жеке тұлғаларға -  17,5 мың сом, ал заңды тұлғаларға 55 мың сом айыппұл салу ұсынылып отыр.

Жаңалықтар
0