Өңірлер

Кәстрөлмен ойнаған қыздың ата-анасы құтқару қызметінен көмек сұрады – фото

© Photo : pixabay.comДевочка с цветами в волосах, иллюстративное фото
Девочка с цветами в волосах, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Жазылу
Шымкентте кішкентай қыз басына кәстрөл киіп, шеше алмай қалды. Сәбиге көмектесу үшін құтқарушылар барған

АЛМАТЫ, 10 мамыр – Sputnik. Шымкентте бір жарым жасар қыз кәстрөлмен ойнап жүріп, ыдысты басына киіп алған. Содан кейін ыдыс шешілмей қалған. Баланың ата-анасы құтқару қызметінен көмек сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shymkent qalasynyń ТJD (@shymkent_tjd)

Оқиға 9 мамырда болған. Сәбиге көмектесу үшін құтқару қызметінің төрт маманы барған.

Баланың денсаулығына зиян келмеген. Құтқарушылар келгенде бала кәстрөл басына киілген күйі ұйықтап жатты. Мамандар өсімдік майын қолданып, 15 минутта бүлдіршіннің басынан ыдысты алды.

Оқи отырыңыз: Ақтауда баланың өңешіне 100 теңге тұрып қалды

Балаға еш зиян келген жоқ. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балалардың немен ойнап жүргенін бақылап, сақ болуға шақырды.

Жаңалықтар
0