Өңірлер

Қазақстанда тағы бір облыс коронавирус деңгейінің "сары" аймағынан шықты

© Sputnik / Абзал КалиевЦентральная площадь Кызылорды
Центральная площадь Кызылорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстанның алты өңірі "жасыл" аймақта болса, тұтас Қазақстан аумағында коронавирустың "сары" деңгейі сақталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысы коронавирустық көрсеткіш бойынша "сары" деңгейден шығып, "жасыл" аймаққа өтті.

Осылайша, қазіргі кезде Қазақстанның алты өңірі "жасыл" аймақта болса, тұтас Қазақстан аумағы коронавирус көрсеткіші бойынша "сары" деңгейде қалып отыр.

2021 жылдың 10 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей негізде жіктеледі:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облысы;
  • "Сары" аймақта: Шымкент, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облысы;
  • "Жасыл" аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облысы.
Жаңалықтар
0