Өңірлер

Павлодар түрмесінде педофилді өлтірді – оқиғаның мән-жайы

© Photo : КУИСДлительные свидания приостановили во всех учреждениях УИС⠀
Длительные свидания приостановили во всех учреждениях УИС⠀ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2021
Жазылу
Соққыға жығылған сотталушы медициналық көмекке жүгінбеген және әкімшілікке ешқандай арыз-шағым айтпаған

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Павлодардағы қаупісіздік деңгейі жоғары түрмеде адам өлтіргені үшін қамалған ер адам өзге сотталушыны соққыға жықты. Ол ауыр дене жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қылмыстық-атқару жүйесінің Павлодар облыстық департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдіғалиеваның айтуынша, 8 мамыр күні кешқұрым АП-162/4 мекемесінің санитарлық бөлмесінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 44 жастағы ер адам өзге сотталушыны соққыға жыққан. Ол медициналық көмекке жүгінбеген және әкімшілікке ешқандай арыз-шағым айтпаған.

"9 мамырда соққыға жығылған ер адам алған жарақат салдарынан жатқан жерінде қайтыс болды. Жедел жәрдем бригадасы оның өлімін тіркеді", – дейді Әбдіғалиева.

Айта кетейік, қайтыс болған ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабына сәйкес кәмелетке толмаған баланы зорлау ісі бойынша айыпты деп танылып, сотталған. Соның негізінде жазасын өтеп жүрген.

Оқи отырыңыз: "Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды

Оқиға орнына тергеу тобы мен прокуратураның, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және қауіпсіздік қызметінің өкілдері шұғыл жетті. Сондай-ақ ол жерге ұлттық алдын алу механизмі мен қоғамдық бақылау комиссиясы да шақырылды.

Жаңалықтар
0